Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан мен Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, Алматыда жаңбыр жауады

Күні: 09:16, 16-09-2019.

Астана. 16 қыркүйек. ҚазТАГ - Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан мен Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады, Алматыда жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтанда бұлтты, желдің жылдамдығы секундына 2-6 метр. Күндіз + 22 + 24, түнде + 9 + 11.
Алматыда жаңбыр жауады, жел секундына 2-9 метр. Күндіз + 20 + 22, түнде + 10 + 12.
Шымкентте күндіз желдің жылдамдығы секундына 4-10 метрге жетеді. Күндіз + 24 + 26, түнде + 10 + 12 градус.


Жаңалықтармен бөлісу: