Дүйсенбіде Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:15, 01-07-2019.

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Дүйсенбіде Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +26+28, түнде +12+14.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +33+35, түнде +20+22.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +39+41, түнде +24+26.


Жаңалықтармен бөлісу: