Дүйсенбіде Түркістан облысында күн күркіреп, жел күшейеді

Күні: 09:29, 30-09-2019.

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Дүйсенбіде Түркістан облысында күн күркіреп, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай күтіледі. Шымкент қ: 30 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай, түнде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ: 30 қыркүйекте түнде найзағай, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген жексенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.


Жаңалықтармен бөлісу: