Алматы. 22 қазан ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,03% -ға өсті - 2224,88-ден 2225,48-ге дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі өткен сауда-саттық күнімен салыстырғанда 24,6% түсіп, 59,1 млн. теңгені немесе 161,4 мың долларды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,3%), Kaz Minerals PLC (+0,2%), «KEGOC» АҚ (+0,2%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,1%) акциялары қымбаттады.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,1%), «Кселл» АҚ (-0,04%) және «Қазтрансойл» АҚ (-0,3%) акцияларының бағасы түсіп кетті.
Дүйсенбідегі KASE индексі 0,03% -ға 2225,5-ке дейін өсті
