Дағдарыс жылдарында жалақы мен зейнетақы мөлшері төмендемейтін болады, деп уәде берді Қазақстан президенті

Күні: 14:17, 11-11-2014.

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Дағдарыс жылдарында жалақы мен зейнетақы мөлшері төмендемейтін болады, деп уәде берді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Мен біздің отанымыз – Қазақстан Республикасын үлкен биікке көтеретін жаңа шыңдар мен міндеттерге қол жеткізуде біздің баршамызға сәттілік тілеймін. Бұл дағдарыс мерзімінен шығуға мүмкіндік береді, ал дағдарыстар әдетте ұзақ болмайды, белгілі болуынша, мүмкін 2, мүмкін 3 жыл, бәлкім 5 жыл болатын шыған. Бұл бізге зейнетақыны төмендетпеуге, жалақыларды төмендетпеуге жәрдем болады», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні өзінің халыққа жолдауында.
Сонымен бірге ол дағдарыс аяғына таман жалақы мен зейнетақы мөлшерінің ұлғайтылу мүмкіндігін жоққа шығармады.
«Мүмкін, ол кезеңде (жалақы мен зейнетақыны – ҚазТАГ) ұлғайта алмайтын шығармыз, бірақ сосын ұлғайтатын боламыз, қайта біз өзімізде барын сақтап қаламыз, және еліміз гүлденетін болады», - деп толықтырды ол.


Жаңалықтармен бөлісу: