«Дала қыраны» бітімгершілік жаттығулары 2015 жылы Қазақстанда өтеді

Күні: 10:01, 14-10-2014.

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – «Дала қыраны» бітімгершілік жаттығулары 2015 жылы Қазақстанда өтеді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Алдағы жылы «Дала қыраны» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгерлік
оқу-жаттығуын Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр», - делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.
Германия аумағындағы АҚШ қарулы күштерінің біріккен көпұлтты даярлық орталығында «Дала қыраны – 2014» бітімгерлік оқу-жаттығуының жабылу салтанаты болып өтті.
ҚР Қорғаныс министрлігі 2003 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан бұл оқу-жаттығу тұңғыш рет Қазақстаннан тыс жерде өтіп отыр.
Жаттығу басшылығының баяндауынша, «Дала қыранының» мәні толықтай жүзеге асырылып, бітімгерлік процедураларының тәжірибесіне оқыту мен пысықтау бойынша
іс-шаралар табысты жүргізілді.
Баяндамада барлық әскери қызметшілердің бірлескен қимылдардан жақсы дағды алғаны, сондай-ақ жаттығуда жинаған машықтарын нақты істе көрсете алатыны, БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуға даяр екендігі атап көрсетілген.


Жаңалықтармен бөлісу: