Даленов Жұманғариннің «ашуыма тимеңдер» деген талабынан кейін журналистерге қошемет көрсетті

Күні: 10:47, 26-02-2019.

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Ұлттық экономика министрлігінің жаңа министрі Руслан Даленов ҰЭМ басшысының орынбасары Серік Жұманғариннің «менің ашуыма тимеңдер» деген талабынан кейін журналистерге қошемет көрсетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біз түсінеміз, журналистер, БАҚ өкілдері жәй әншейін сұрақ қоймайды, олардың қоятын сұрақтары, біздің тұрғындарымыздың, халқымыздың қоятын сұрақтары. Біз үлкен құрметпен қараймыз (журналистердің жұмысына – ҚаТАГ)», - деп мәлімдеді журналистерге сейсенбі күні үкімет кулуарында.
Вице-министр Жұманғаринмен жақында болған жайтты түсіндірген ведомство басшысы орынбасарының «әрине, уайымдайтынын» жеткізді.
«Біз Жұманғаринмен аталмыш жағдайды түзету бойынша тиісті жұмыс жүргіздік. Осындай дұрыс емес, кез келген дұрыс емес жәйттарға жол берілмеуі керек деп санаймын. Біз мұның алдын алатын боламыз. Мен кез келген кері жауаптарға жол берілмеуі керек деп санаймын. Біз оған жол бермеуіміз керек. Біздің министрлікте тиісті түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мұндай жұмыс барлық меморганда жүргізілуі керек деп санаймын», - деді Даленов.
Еске салсақ, бұған дейін Жұманғарин шаралардың бірінде журналистер қойған сұрақтан кейін «менің ашуыма тимеңдер!» деп мәлімдеген болатын. Кейін ол өз сөзі үшін БАҚ өкілдерінен кешірім сұрады.
Атап өтелік, Жұманғаринің жағдайы ҰЭМ бұрынғы басшысы Тимур Сүлейменовтың 2018 жылғы қарашадағы сөзіне қарағанда «сары жолақта тұрған» болатын – вице-премьер сөгіс алып, сыйақыдан айырылған еді. Аталмыш жаза президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарифтерге қатысты жағдайды сынға алғанынан кейін берілген болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: