«Даму» қорының басқарма құрамы өзгерді

Күні: 11:57, 01-03-2019.

Алматы. 1 наурыз. ҚазТАГ – «Даму» кәсіпкердікті дамыту қоры» АҚ басқармасының құрамы өзгерді, деп хабарлады KASE сайты.
Сонымен, басқарушы директор, басқарма мүшесі Қуаныш Ұласбековтың қызметтік өкілеттігі ҚР Еңбек кодексінің 49 бабы 1 тармақшасына сәйкес (тараптардың келісімімен шарттың тоқтатылуы) мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Енді «Даму» қорының басқармасы бес адамнан тұрады: төрағасы Абай Сарқұлов; төраға орынбасары Гаухар Бурібаева, Дәулет Әбілқаиров пен Ғалым Нұрғазиев; басқарушы директор Әсет Шәріпов.


Жаңалықтармен бөлісу: