Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қалды

Астана.7 желтоқсан.ҚазТАГ- Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Ахметов алғаш рет, 2014 жылдын 11 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, оған дейін 2012 жылы – Энергетика және инфрақұрылым министрі болды, ал одан бұрын 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы қызметін атқарған.