Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

Өскемен. 11 қараша. ҚазТАГ – Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«(Даниал Ахметовтың – ҚазТАГ) кандидатурасын қолдауды ұсынамын», - деді К. Мәсімов сейсенбі күні облыстық мәслихаттың кезектен сессиясында облыс әкімінің міндетіне Д. Ахметовты ұсынып жатып.
Мәслихат депутаттары өңірдің жаңа басшысының кандидатурасын бір ауыздан мақұлдады.
Д. Ахметов осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі; премьер-министр орынбасары, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, Павлодар облысының әкімі; Қазақстан премьер-министрі; ҚР қорғаныс министрі; экологиялық энергетика саласындағы компания басшысы лауазымдарын атқарды. 2012 жылдан бері Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі.

adimage