Данияр Вагапов: ҚР Үкіметі мұнайдың бір барелі $80 болған жағдайда да өз міндетін орындайды

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Сыртқы нарықтағы турбуленттілік өсіп бара жатыр. Үкіметтің болжамы бойынша жағымсыз сценарий аясында 2015-2016 жылдары Brent маркалы мұнайдың бір баррелі $80 болуы мүмкін, алайда ол өзінің шығынын қысқарту арқылы барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауға үмітті. Бұл туралы ҚазТАГ-қа берген сұхбатында ҚР ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Данияр Вагапов мәлім етті.

 - ЖІӨ өсімінің, инфляция деңгейінің, Brent маркалы мұнай баррелінің құнының, АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамының, жұмыссыздық деңгейінің, экспорт, импорт пен 2014 жылдың және 2015-2016 жылдардағы капитал ағымының ең оптимисті және пессимисті сценариі бойынша параметрлері қандай болмақ? Сыртқы факторлар әсерінен ЖІӨ өсімі бойынша болжам төмендетілуі мүмкін бе?

 - Алдағы бес жылға мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау экономиканың дамуына әсер ететін факторлар мен тенденцияларға байланысты үш сценарий бойынша жүргізіледі. Сценарийді құрастыру барысында әлемдік экономикадағы тенденциялардың өзгеруі, тауар нарығындағы конъюнктура мен қаржы нарығындағы жағдай есепке алынды. Мұнайдың әлемдік бағасына байланысты болжамға келетін болсақ, ол өткен 3 жылдағы минималды және максималды мағынасы бойынша және халықаралық ұйымдардың алдағы 5 жылға арналған мағынасы бойынша болжамға сүйене отырып анықталды. Оптимистік сценарий 2014-2016 жылдар аралығында әлемдік экономиканың белсенді дамуын, еуроаймақтағы берешек проблемаларының шешілуін, АҚШ-тағы және өзге де дамыған елдерде экономикалық белсенділікті арттыру бойынша жоспарланған шаралардың табысты жүзеге асырылуын, жеке секторға және дамып келе жатқан елдердегі импортқа сұраныстың артуын білдіреді. Дәл осындай сценарий бойынша әлемдік экономиканың өсімі 3,4-4,2% құрайды. Шикізаттық тауарларға баға жоғары жеткілікті деңгейде болады, сонымен қатар, дамыған және дамып келе жатқан елдердегі сұраныстың артуымен нығайтылады. Оптимисті сценарий бойынша мұнайдың әлемдік бағасы бағалау бойынша 2014 жылы бір баррельге $95, 2015-2016 жылдары $100 деңгейінде болады. Базалық сценарий бойынша баяу, алайда 2014-2016 жылдар аралығында әлемдік экономиканың өсімі айтарлықтай болады деп күтілуде. Әлемдік ЖІӨ-нің өсімі 2014 жылдың 3,4%-нан 2016 жылы 4%-ға дейін өседі. Ал, мұнайдың бағасы болжам бойынша $90 деңгейінде болады, болжанған уақыт аралығында металлдың құны өседі деп күтілуде. Сценарий 2013 жылы басталған әлемдік экономиканың дамуындағы жағымды экономикалық тенденциялардың сақталуын білдіреді. Мемлекеттің дамуы (АҚШ, еуроаймақ - ҚазТАГ) жағдайының жақсаруына байланысты негізгі жаһандық қозғаушы күшке айналады. Осы ретте нарығы қалыптасып жатқан және дамып келе жатқан елдер дамыған елдердегі сұранысқа байланысты экспорт көлемін арттыру арқылы өсетін болады. Пессимисті сценарий экономикадағы дағдарыстың көрініс табуымен суреттеледі, олар - әлемдік экономика өсімінің төмендеуі, Қазақстанның ірі сауда серіктестері - әлемнің ірі экономикасының жағымсыз әсері, атап айтар болсақ, еуроаймақтың, Ресей мен Қытайдың жағымсыз әсері, сонымен қатар, энергоресурстардың негізгі түрлеріне және Қазақстанның экспорттық тауарларының бағасының төмендеуі. Әлемдік экономиканың өсімі 2015-2016 жылдары 2,8%-дан аспайды. Мұнайдың бағасы 2015 жылы барреліне $80 дейін төмендейді және осы деңгейде 2016 жылы тұрақтайды. Егер, экономиканың дамуы пессимистік сценарийге ауысатын болса мемлекет әлеуметтік салаға тиіспей өз шығынын қысқартады. Әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалатын болады. Экономикалық белсенділікті және үкіметтің жоспарлаған экономика өсімін қолдау мақсатында 2014 жылға арналған алдыңғы қатардағы әлеуметтік-саяси шаралар саясатының жол қартасы қабылданған болатын. Оның шеңберінде бірқатар шараларға қолдау көрсету мен инфляция деңгейін межелі дәлізде сақтап қалу қарастырылған. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың қыркүйегінде 2014 жылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспары қабылданды. Онда экономиканың салаларына қолдау көрсетумен қатар, жұмыссыздық деңгейін ұстап қалу, Ресейдің жауапты санкцияларына байланысты тәуекел бойынша превентивті шаралар да қарастырылған. 
 
- Қазақстан үкіметi кезекті оңтайландырудан өтті. Ол қаншалықты нәтижелі болады? 

- Кәсіби және мемлекеттік аппараты бар тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру - Қазақстанның стартегиялық дамуының негізгі міндеті. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында оңтайландырылған үкімет жеделділікті және мемаппарат жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттырады, министрліктердің жауапкершілігін нығайтады, қағазбастылықты да қысқартады. Үкімет құрылымын өзгертуден басқа, ауыртпалықты үкіметтік деңгейден орталық мемлекеттік органдар деңгейіне көшіруді, қабылдаған шешімдерге байланысты орталық органдардың жауапкершілігі мен өзбетінше жұмыс істеуін арттыру, сонымен қатар, бұл функциялардың одан ары жергілікті атқарушы органдарға жіберілуін білдіреді. Сонымен, Президенттің 2014 жылдың 25 тамызындағы №898 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттілікті шектемеу туралы» жарлығы бойынша мемлекеттік басқарудың негізгі ұстанымдары анықталды, олар Қазақстандағы мемлекеттік басқарудағы деңгейлер мен функциялардың шекарасын қалыптастауға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзбетінше жұмыс істеуі мен жауапкершілігін көтеруге негізделген. Қаулы нормасын жүзеге асыру мен заңнамалық нормалардың қарама қайшылығына жол бермеу мақсатында 2014 жылдың 29 қыркүйегінде № 239-V «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзіретті бөлу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Бұл ретте үкіметтен орталық және жергілікті атқарушы органдарға - 1606 функцияны беру, орталық органдардан жергілікті атқарушы органдарға - 261 функцияны беру, облыстық жергілікті атқарушы органдардан аудандық деңгейдегі мемлекеттік басқармаларға - 14 функцияны беру, сонымен қатар, мемлекеттік емес жеке секторға - 2 функцияны беру көзделген. Осылайша бұған дейін үкіметке міндеттелген міндеттемелердің 60%-ға жуығы министрліктердің бірінші жетекшілері деңгейінде шешіледі. Бұдан басқа, «ҚР Үкіметі туралы» конституциялық заңнамасына сәйкес орталық атқарушы органдардың жұмыс тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында министрліктердің ведомстволарына сәйкесінше салаларда мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша саясатпен құқықтық нормативті актілерді қабылдау міндеттемелері берілген. 

 - Штаттарды қысқартқаннан үнемделген қаржы қайда жұмсалады: жұмыс жасап жатқан қызметкерлердің жалақысын арттыруға ма әлде үкімет резервіне бағыттала ма? Аталмыш үнем қанша құрайды? Қазір премьер-министрдің, вице-премьерлердің, министрлер мен олардың орынбасарларының жалақылары/сыйақылары қанша? Жекеменшік салада табыстың өсуін ескере отырып, кәсіби мамандарды тартуға шенеуніктердің жалақысы жеткілікті деп ойлайсыз ба? 

 - Мемлекетік басқару жүйесінде жүргізілген реформаға байланысты қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру қарастырылып жатқан жоқ. Бұл ретте мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерінің еңбекақысын 15%-ға және 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап 15%-ға көтеру қарастырылған.. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы бойынша айта кетейін, ҚР президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 жарлығымен мемлекеттік бюджет және Қазақстан халық банкі сметасының (бюджетінің - ҚазТАГ) есебінен ұсталатын орган қызметкерлерінің жалақысын төлеудің бірыңғай жүйесі бекітілген. Сонымен қатар, аталмыш жарлықта «Қызметтік қолдану үшін» деген сипат бар. Бұл ретте мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс жасау ережесінде (2008 жылғы 23 қаңтардағы №51 ҚҚҮ үкімет қаулысымен бекітілген) құжаттар мен басылымдардағы «Қызметтік қолдану үшін»(ҚҚҮ) белгісі бар мәліметтерді жаһандық және ақпараттық желілерде орналастыруға,оларды ашық сөз сөйлеулерде қолдануға немесе ашық басылымдарда, радио және теледидар хабарларында таратуға тыйым салынған. Бұл ретте президенттің 2011 жылғы 21 шілдедегі №119 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа үлгісінің тұжырымдамасында 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының мақсатты индикаторларына қол жеткізу үшін кәсіби мемлекеттік қызметті қалыптастыру қарастырылған. Оның негізін мемқызметкерлер лауазымының жаңа жүйесі, мемсалаға жауапкершілік қағидаларына негізделген, нәтижелілік пен біліктілікке және өнімділігі жоғары ықшам әрі тиімді мемлекеттік аппараттың қалыптасуына ықпал ететін жеке сектордағы жалақы деңгейімен бәсекеге түсе алатындай еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу кіреді. Соған байланысты 2013 жылы саяси мемлекеттік қызметкерлер функциясын қысқарта отырып, саяси мемлекеттік қызметкерлер қалыптастырған саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін «А» басқару корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер лауазымын енгізу арқылы мемлекеттік қызмет лауазымдарының жаңа тізілімі қалыптасты. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлердің аталмыш санаттарының еңбекақылары 50% арттырылған.

 - Күн сайын өсіп келе жатқан еліміздің сыртқы жалпы қарызына белгілі шек қойылуы мүмкіндігін теріске шығармайсыз ба?

- Қазір $155,5 млрд немесе ЖІӨ-нің 68% құрайтын сыртқы қарыздардың негізгі үлесін фирмааралық қарыздар (үлестес резиденттер еместердің алдындағы - ҚазТАГ) $74,4 млрд немесе барлық қарыздардың 50%-дайын алып отыр. Бұл қарыздар жүйелік қауіп төндірмейді, себебі несиегер - тікелей инвестордың өзі, қарыз алушының төлемге қабілетсіздік тәуекелін өзінің осы фирма жұмысын басқаруға қатысу арқылы бөлісіп отырады. Қалған қарыз корпоративтік секторға келеді, ол $64,6 млрд, оның ішінде квазимемлекеттік қарыз - $21,3 млрд, банк секторында - $10,6 млрд және мемлекеттік сектор қарызы (үкімет пен Ұлттық банктің - КазТАГ) - $5,8 млрд немесе ЖІӨ-нің 2,6%-ын құрайды. Мемлекеттік және жалпы сыртқы қарыздарды басқару тұжырымдамасына сай, жалпы сыртқы қарыздардың шекті мәні орта мерзімге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму саясатын, жекелеген бағыттағы сыртқы қарыздардың өзгеру қарқынын, үкіметтің Ұлттық банкпен бірге анықтайтын қаржылық сілкіністер мен қауіптерге осалдық дәрежесін ескере отырып анықталады. Дүниежүзілк банк классификациясына сай қарыз орташа деп есептеледі, егер оның көрсеткіші 18 % - 80 % аралығында болса. Экономикалық қауіпсіздігін лайықты қамтамасыз ету үшін қарыздарын тиімді басқарып отырған ел ретінде Қазақстан үшін, орта мерзімге жалпы сыртқы қарыздарды ЖІӨ-ге салыстырғанда 65-70 % мөлшерінде сақтап отырған дұрыс. Қазіргі кезде Қазақстан қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 68%, ол индикативтік көрсеткіштерден аспайды, және жалпы сыртқы қарыздар деңгейін ел үшін қауіпсіз деңгейде сақтап отырады. 

 - Бұрындары Ұлттық қор келешек ұрпақ үшін құрылған деп есептелген, бірақ соңғы кездері оның қаражатын ел экономикасын қаржыландыруға бағыттау керек деген идеялар көптеп айтылуда. Сіз оған қалай қарайсыз, Ұлттық қордың қандай бөлігін Қазақстан экономикасын қаржыландыруға бағыттауға болады?

 - Ұлттық қордың негізгі мақсаты - қаржылық ресурстарды келешек ұрпақ үшін жинақтау арқылы сақтау және республика бюджетінің әлемдік шикізат нарығына тәуелділігін төмендету болып табылады. Демек, Ұлттық қор міндеті - сақтау және тұрақтандыру болып табылады. Сақтау функциясын орындау үшін Ұлттық қорда төмендемейтін қалдық бекітіледі (сәйкес қаржылық жыл соңына болжанған ЖІӨ-нің 30% мөлшерінде - ҚазТАГ), аталған шектеу бұзылмайды және мұнай кірістерін сақтау үшін үнемі орындалып отырады. Тұрақтандыру функциясын іске асыру республикалық бюджетке кепілденген трансфертті қамтамасыз етуді қарастырады. Ұлттық қор қаражатын ұлттық экономиканы қаржыландыру үшін пайдалануға келсек, 2014 жылғы 14 ақпандағы үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы атап өткендей, экономиканы несиелендіруді жандандыру және кәсіпкерлерді ұзақ мерзімдік несиелік ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында, Ұлттық қордан пайдалану бағыттарын айқындай отырып, 1 трлн теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Мысалы, келесі жылға 500 млрд бөлінген: өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнестегі жаңа жобаларды қаржыландыруға және бұрынғы жобаларды қайта қаржыландыруға 100 млрд көлемінде; банк секторын сауықтыруға 250 млрд көлемінде; мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыруға 150 млрд теңге. Қорытындысында, елбасының тапсырмасын орындаудағы аталған қадамдар экономикаға шұғыл көмек көрсету және оның өсуін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Ол ШОБ-тағы жаңа жоба бойынша инвестициялық жұмысты ынталандырады, сондай-ақ кәсіпкерлерге несиелерін бұрынғыдан тиімді шарттармен қайта қаржыландыруға мүмкіндік беріп, сол арқылы орнықты жұмысын жалғастырып өндірістік жұмысын іске асыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар қазір келесі жылға қосымша Т500 млрд бөлу туралы мәселе пысықталуда. 

 - Қазақстанның G7, G20, BRICS және ЭЫДҰ ұйымдарымен ынтымақтастығында табыс бар деуге бола ма? Олармен серіктестікті нығайту жоспарлануда ма?

 - Қазіргі кезде Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) он екі комитетімен, үш жаһандық форумымен ынтымақтасуда. Қазақстан индустрия жөніндегі, инновация мен кәсіпкерлік комитетіне қатысушы, ауыл шаруашылығы, ашықтық пен салықтық мақсаттағы, бәсекелестіктегі ақпарат алмасу жөніндегі жаһандық форумдардың тұрақты қатысушысы. 2007 жылдан бері мемлекет Стамбул әрекет жоспары бойынша шолу жүргізу аясында ЭЫДҰ-ның антижемқорлық желілеріне қатысып келеді. Одан басқа, Қазақстан Еуропалық одақпен серіктесе отырып өңірлік ЭЫДҰ-ға тең төрағалықты 2013-2015 жылдары алған Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекет болды. 2014 жылы 6 мамырда ЭЫДҰ төрт мемлекетпен ынтымақтастық мемлекеттік бағдарламасына қол қою туралы шешім қабылдады. Ол мемлекеттер - Қазақстан, Тайланд, Марокко мен Перу. Мемлекеттік бағдарламалар ЭЫДҰ үшін жаңа тетік және ЭЫДҰ мүшесі болып табылмайтын бірқатар елдермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Жекелеген елдерді ынтымақтастықтың осы форматына енгізудің критерийлері - тараптардың екеуінің де мүдделілігі, елдің ұзақ мерзімдік келешегінде ЭЫДҰ стандарттарына негізделген реформа жүргізуге дайындығы, сондай-ақ өз өңірінде реформа пионері ретінде бола алатындығында. Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы 2014-2016 жылдарға есептелген ынтымақтастықты нығайту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстанның декларацияларға, ұсыныстар мен ЭЫДҰ елдерінің стандарын қамтитын басқа да құқықтық тетіктерге қосылуын, сондай-ақ шолу мен ынтымақтастықтың басқа да түрлерін қарастырады. Қазіргі кезде Қазақстан жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жобасы 7 бағытты қарастырады: мемлекеттік басқаруды; қоршаған ортаны сақтауды; қаржылық саясатты; бәсекелестікті көтеру және іскерлік климатты жақсартуды; статистиканы; денсаулық сақтауды, жұмыспен қамту және әлеуметтік интеграцияны; сектор аралық мәселелер мен әлеуметтік-экономикалық саясатты қамтиды. 

 - Солтүстік облыстардың халқы соңғы 10 жылда, жалпы республика халқының санының артқанына қарай, азайып келеді. Осы үрдістің бетін қаншалықты бұруға болады? Үкімет көші-қон, демографиялық саясатта алдағы бір жыл/он жылда не істейді? 

 - Солтүстік өңірлерде халық саны азаюы байқалады. Осы үдерісті реттеу үшін үкімет азаматтардың еңбек қолы артық өңірлерден еліміздің еңбек күштері тапшы солтүстігіне ерікті түрде көшуін ынталандыратын жаңа шараларды дайындады. Ондай тұлғалар үшін мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары - көшуге кететін шығынды өтеу, қызмет баспанасы немесе жатақханадан бөлме беру, кәсіби дайындық оқуларында, қайта дайындау және білікті көтеру оқуларында оқыту, көшіп барған жерде жұмыспен қамтамасыз ету. Осындай шаралар ҚР үкіметі айқындаған өңірлерге оралман мәртебесін алған соң бір жыл ішінде көшіп барған этникалық қазақтарға да көрсетіледі. Аталған шаралар жыл соңына қарай парламент мәжілісіне енгізілетін көші-қон туралы заңда көрсетілген.

 - Сұхбатыңыз үшін алғыс айтамын.

adimage