Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ - Данияр Жаналинов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
«ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылып, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды»,- делінген жұма күні министрлер кабинетінде.
Жаналиев 2021 жылғы тамыз айынан бастап ҚР қаржы вице-министрі болып жұмыс атқарған. Оған дейін, 2018 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған, ал одан бұрын 2014 жылдың қараша айынан бастап 2018 жылдың шілде айына дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02