Дариға Назарбаева Қазақстан сенатының спикері болып тағайындалды

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Дариға Назарбаева Қазақстан парламенті сенатының жаңа төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Назарбаеваның кандидатурасын сенат спикері қызметіне палата отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.
Сенат депутаттары бірауыздан дауыс берді.
«Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева сенат спикері болып тағайындалды. Құттықтаймын!», - деді сенат вице-спикері Бектас Бекназаров.
Дариға Назарбаева 1963 жылы Теміртауда дүниеге келген. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Соңғы жылдары премьер-министрдің орынбасары және парламент сенатының депутаты қызметтерін атқарды.

adimage