Дариға Назарбаева меморгандардың баспасөз қызметтері журналистер үшін дос болулары керек деп санайды

Күні: 18:49, 21-02-2019.

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан парламенті сенатының депутаты Дариға Назарбаева мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері журналистер үшін дос болулары керек деп санайды және ол баспасөз-хатшыларының кәсіби дайындықтарының нашарлығына қынжылды, бұл туралы ол журналистерге бейсенбідегі сенат кулуарында айтты.
«Барыңыздар, өздеріңіз баспасөз хатшысы болып жұмыс жасаңыздар, мен министрліктер қуана –қуана келіседі деп ойлаймын. Біз бұл тақырыпты бірнеше мәрте көтердік, яғни баспасөз қызметтері журналистер үшін дос болуы керек, әрқайсысын жүзбе-жүз танулары, әрқайсысының туған күндерін білуі керек, мәселен, олармен жұмыс жасап, министрлік не жасап жатқанын әңгімелеп, түсіндіріп, ақпарат жағынан көмектесулері керек. Баспасөз қызметі сол үшін керек. Ол да министрлік, әкімдік пен баспасөз арасындағы қандай да бір медиатр болуы тиіс», - деді журналистер мен баспасөз қызметінің арасындағы қарым-қатынас туралы сұраққа берген жауабында.
Ол сондай-ақ, баспасөз қызметі мен журналистер арасындағы бейбіт қарым-қатынастың құпиясымен де бөлісті.
«Айта кетейін көбі түсіне бермейді, баспасөз қызметінің қызметтік мәні мен кәсіби баспасөз хатшыларды дайындау жұмыстары да өте нашар, ол мүлдем жоқ десек те болады. Адамдарды кейде іріктеп алады, мен қандай қағида бойынша екенін түсінбеймін, бірақ дұрысы олар БАҚ саласының мамандары болуы керек. Себебі олар бір-бірін біледі, олар журналистерді не қызықтыратынын түсінеді, оларға ақпаратты қалай ұсыну керегін, олармен қалай дұрыс жұмыс жасау керегін біледі. Міне сол кезде, менің ойымша, сапа жақсарар еді, және сіздердің араңыздағы ұрыс-керіс те азаяр еді», - деді Д. Назарбаева.


Жаңалықтармен бөлісу: