Дариға Назарбаева ШҚО әскерилері қалай өмір сүріп, қызмет етіп жатқандарымен танысты

Өскемен. 10 қыркүйек.  ҚаТАГ –9 қыркүйекте Қазақстан парламенті сенатынң депутаты Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен ШҚО-да болып, өңір әскерилерінің қалай өмір сүріп, қызмет етіп жатқандарын тексерді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін жұмыс сапарымен ШҚО-ға Д.Назарбаева бастаған сенаторлар-Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитет мүшелері келді. Олар Өскемендегі әскери бөлімшелерге – өңірлік «Шығыс» қолбасшылығы мен 5518 әскери бөліміне барып, олардың қызметтік-әскери қызметімен танысты», - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық гвардиясының  ҚР «Шығыс»  тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі қолбасшысы орынбасары  Ниязтай Алкешев.
Депутаттарға әскерилер қалай өмір сүріп, тамақтанып, демалатындарын көрсетті, сондай-ақ, техника, қару-жарақ, әскери форма түрлерімен таныстырды.    
«Бізде әлеуметтік сипаттағы өте өзекті мәселе – әскерилерді баспанамен қамту.  Бүгінгі таңда ол мәселе де шешілді. ҚР парламенті әскерилерді баспанамен қамту бағдаламасын қабылдағаннан кейін  әскери қызметкерлеріміз екінші деңгейлі банктен ашылған шоттарына тұрғын үй салымдарын аудара бастады.  Әскерилердің  25-30% тұрғын үй шоттарын ашты», - деді   Н. Алкешев.
Қолбасшылықта барлығы жеке құрамдағы 5 мыңнан астам адам бар. Олардың  40 % - ы келісім шарт бойынша жүрген әскерилер мен офицерлер.  

adimage