ҚДБ басқармасының құрамы өзгерді

Күні: 17:14, 03-04-2019.

Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ – «Қазақстан даму банкі» АҚ басқармасының құрамы өзгерді, деп хабарлады KASE сайтынан.
«Басқарма құрамынан Вадим Ким – басқарма төрағасының орынбасары шығарылды», - делінген хабарда.
Осылайша, қазір ҚДБ құрамы төрт адамнан тұрады: төрағасы Болат Жәмішев, төраға орынбасарлары – Дмитрий Бабичев пен Думан Әубәкіров, атқарушы директор Асқар Әміртаев.


Жаңалықтармен бөлісу: