ДДСҰ әлем үшін коронавирустың қауіптілігін бағалаудағы қатесін түзетті

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ
– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 26 қаңтарда кешкісін жарияланған есебінде 2019-nCoV коронавирусына қатысты қауіп жағдайын бағалаған жерін өзгертті, деп хабарлады РБК.
«(ДДСҰ-ҚазТАГ) құжатындағы үш нөмірімен белгіленген сілтемеде 23, 24, 25 қаңтарда жарияланған вирустың таралу ахуалы туралы есептерінде жаһандық деңгейде вирустың таралу қаупі туралы қисынсыз қорытынды жасалғаны айтылған», - делінген хабарда.
Ұйым атап өткендей, вирусқа қатысты қауіптілік деңгейі алдыңғы үш күнде таратылған есептегідей «орташа» емес «жоғары» болып қалып отыр деп түсіндірген.
«ДДСҰ қауіпті бағалауы соңғы рет 22 қаңтарда жасалған талдаудан бері өзгерген жоқ: Қытайда - өте жоғары, өңірлік деңгейде – жоғары және жаһандық деңгейде де - жоғары», - делінген ұйым құжатында.

ДДСҰ 26 қаңтардағы статистикаға сәйкес, әлемде ауырғандар саны 2 мыңнан аздап асқан, оның 1,9 мыңы – Қытайда. Қытайлық биліктің соңғы ақпарына сәйкес, жаңа коронавирустың салдарынан пневмониядан 81 адам көз жұмған, ал жалпы бұл елдегі ауырып жатқандар саны 2,8 мың адамнан асқан.
Еске салсақ, коронавирустың жаңа түрінің өршуі алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында желтоқсан айының аяғында тіркелген. Сосын ауру Қытайдың сыртына шығып, елдің басқа өңірлеріне де тараған. Ауру жұқтыру деректері АҚШ, Франция, Аустралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және басқа да елдерде тіркелген.


adimage