ДДСҰ солтүстік жарты шардағы КВИ жағдайына алаңдаулы – ауру жұқтырғандар саны көктемдегіден көп

Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) солтүстік жарты шардағы коронавирус инфекциясына қатысты жағдайға алаңдаулы – ауру жұқтырғандар саны көктемдегіден көп, деп хабарлады Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) баспасөз қызметінен.
«Солтүстік жарты шарда қыс түсе бастағалы біз ауру деңгейінің өскенін байқап отырмыз. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Америкада. Солтүстік жарты шарда пандемия деңгейі алаңдатып отыр – ауруды жұқтыру деңгейі наурыздағы деңгейден үш есе жоғары», - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус.
Ол еске салғандай, коронавирустың ауыр түрімен ауыру ағзадағы оттегінің төмендеуіне алып келеді.
«Күн сайын көптеген адам қандағы оттегінің жетіспеушілігінен көз жұмып жатыр», - деп атап өтті ДДСҰ басшысы.
ДДСҰ адам өлімінің алдын алуға болады деп санайды, ол өз әріптестерімен бірге ондаған мың оттегі концентраттарын, пульсоксиметрлер мен мониторларды 100-ден астап елге жеткізіп жатыр.
«Қазірдің өзінде 184 ел халықаралық COVAX альянсына қосылды – ол вакцина әзірлеп, шығаратын бағдарлама», - деді Гебрейесус.

adimage