Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайда тараған пневмонияның коронавирус 2019-nCoV деп аталын түрінің өршуіне байланысты халықаралық төтенше жағдай режимін жариялаудан бас тартты, деп хабарлады ТАСС.
«Мен бүгін халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай режимін жарияламаймын»,- деп мәлім етті бейсенбіде Женевада ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус ТЖ жөніндегі комитеттің екі күндік шұғыл отырысының қорытындысы бойынша, әзірге қажет емес деді ол.
Оның айтуынша, «бұл Қытай үшін төтенше жағдай, бірақ ол әзірге әлемдік денсаулық сақтау үшін төтенше жағдай болған жоқ, бірақ олай болуы да мүмкін».
Ол жаңа пневмонияның өршуі «Қытай үшін және өңір мен әлем үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғанын» атап өтті.
ДДСҰ 2019-nCoV вирусының адамнан адамға жұғатынынан хабардар, «алайда олар отбасылық топтар мен вирусты жұқтырған науқастарды емдейтін дәрігерлер арасында шектелген».
Қазіргі таңда Гебрейесус түсіндіріп кеткендей, коронавирустың Қытайдың сыртындағы елдерде адамнан адамға жұғып жатқаны туралы ақпар жоқ.
ДДСҰ басшысы қазіргі таңда Қытаймен «сауда жасауға және ол жаққа баруға барынша үлкен шектеу» қоюды ұсынбайды. Ол алайда әуежайларда вирусқа қарсы шаралардың бірі ретінде скрингтік шаралар енгізу керектігін атап өтті.
ДДСҰ пікірінше, барлық елдер пневмонияның жаңа түрін анықтау үшін шаралар қолданылу қажеттігін айта кетті, соның ішніде емдеу мекемелерінде. Соған байланысты бас директор өзін және басқаларды қорғаудың қарапайым тәсілдерін еске салды – «қолды жиі жуу және жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу» керек.
Сонымен қатар ол жаңа пневмонияға қатысты «әлі көп нәрсенің түсініксіз екенін» де жасырмады. Атап айтсақ, коронавирустың тарау көзі белгісіз, және оның қаншалықты жеңіл тарайтыны да түсініксіз болып отыр. ДДСҰ Қытайдағы және өңірдің басқа елдеріндегі әріптестерімен бірге осы мәселелерді «барынша тезірек анықтау үшін» жұмыс жасауда.
Бас директор аурудың таралуының жаңа деректері «Қытайдың басқа аудандары мен басқа елдерде де» анықталуы мүмкін екенін айтады.
Ол ҚХР билігі «коронавирустың Ухань қаласы мен басқа қалаларда таралуын тоқтатуға тиіс шаралар қабылдап жатқанын» еске салды.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08