Әдебиет және өнер саласында 2014 жылғы ҚР мемлекеттік сыйлық тағайындау комиссиясының екінші турына 11 жұмыс өтті

Күні: 18:38, 23-10-2014.

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысының міндетін атқарушы – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлады мемлекет басшысынынң баспасөз қызметінен.
«ҚР Мемлекеттік хатшысының міндетін атқарушы – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин отырыстың маңыздылығын атап айтты, өйткені оның қорытындысында ең лайықты жұмыстар бірқатар номинациялар бойынша лауреаттарды бекіту үшін Мемлекет басшысына ұсынылады», - делінген бейсенбі күнгі Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда.
Отырыста сөйлеген комиссия мүшелері – елдің әдебиет пен өнер саласындағы көрнекті өкілдері комиссия қарауына ұсынылған жұмыстардың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Мемлекеттік сыйлықтан үміткерлерден барлығы 29 жұмыс келіп түскен, соның 11-і екінші кезеңге өтті.
Комиссия мүшелері Мемлекет басшысына ұсынылатын үміткерлерді құпия дауыс беру арқылы анықтады. Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: