«Деловая неделя»: Ұлы медиатор, немесе Матаев ісі қазақстандық БАҚ үшін неге сонша маңызды?

«…Шенеуніктер тәуелсіз баспасөз ғана олардың әлеуетті қорғаушылары екенін дұрыс түсінбейді. Сондықтан баспасөз қоғам мен билік арасындағы өзінше бір көпір болып табылады. Бізде осы функцияны орындайтын басқа азаматтық институт жоқ».

Сейтқазы Матаевтың Regnum сайтына берген сұхбатынан.

Біздің кәсіподақ және Ұлттық баспасөз-клубының басшысы Сейтқазы Матаевтың ұсталуы апта жаңалығына, шынын айтсақ, Қазақстан журналистерін есеңгіретіп тастаған жаңалыққа айналды. Мүмкін қарапайым қазақстандықтар үшін бұған дейін де орын алып жатқан министрлердің, генаралдың қамалуы фонында бір түрлі көрінетін де шығар. Сондықтан біз Сіздермен, құрметті оқырман, біз үшін, БАҚ қызметкерлері үшін Матаев мырзаның кім болғанын бөліскіміз келеді, Сіздер мұның барлығының біз үшін неге сонша маңызды екенін түсіну үшін.
Алдымен бірден мынаны келісіп алайық, аталмыш мәтінді сотқа немесе құқыққорғау органдарына көрсетіліп жатқан қысым деп санамаңыздар, біз Сейтқазы Матаев кінәлі немесе кінәсіз деп те айтпаймыз. Тек бізді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның өз баспасөз парақшасында тиісті сот шешімінсіз оны кінәлі деуі бізді қынжылтады. Ал сот – заң бойынша кімде-кімнің қылмысты жасағанын немесе жасамағанын айтуға құқығы бар жалғыз орган. Оның үстіне Матаев пен оның ұлын, ҚазТАГ басшысын агенттіктің ақпараттық сайтында орналасқан мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа қол жетімділікті қамтамасыз етпеген деп айыптап жатқандары да қынжылтады. Негізінен мемлекеттік тапсырыс жарияланатын БАҚ-тың көбі өз ақпаратына қол жетімділікті сатады – газеттер де, журналдар да сатылымға шығады (таратылмайды), және олармен танысу үшін оны сатып алу керек. Баға мәселесі – басқа нәрсе, бірақ факті факті болып қала береді - бүгінге дейін әлі ешкімге оның ақпаратын оқу үшін оған жазылу керек немесе оны сатып алу керек деп айып тағылған емес.
Бұл ретте, біз көптеген БАҚ үшін ҚазТАГ ақпараттық таспасын ақысыз ұсынғаны және өзінің жаңалықтар материалын басылым беттерінде немесе сайттарда орналастырғаны үшін тиын да талап еткен емес. Бұл осы іс бойынша әзірге айтқымыз келгені, және біз құқыққорғау органдары бұл сөзімізді оларға көрсетіліп жатқан «қысым» деп түсінбейтініне үміттенеміз. Не десек те, шындықтың аты шындық, және ол туралы айту да - билікке жұмысын атқаруға көмектесу. Президент Назарбаев жақында «Нағыз патриот ол өз елін мақтайтын емес, оның кемшіліктерін байқап, теріс сәттерді түзетуге ықпал ететін адам» деп бекерден бекер айтқан жоқ. Міне сондықтан біз де барлығы қатал заң бойынша – оның рухы мен әр әрпі бойынша болуына ықпал етсек дейміз.
Ары қарай осы жолдардың авторының естелігіне жүгінуге рұқсат етіңіз. 18 жыл бұрын, сізге құрметпен қарайтын пақырыңыз журналистикаға келгенде, телевидение мен газеттің орнына ақпарат алу үшін қолдануға болатын осынша көлемдегі сайт та, агенттік те, тіпті осындай Ғаламтор де болған жоқ. Шынын айтсақ, ол кезде ғаламторға деген қазіргідей қол жетімділік те болған емес, тек браузердегі сурет пен видеоны өшіріп тастасақ қана телефон желілері арқылы әрең деп шығатынбыз. Сондай уақытты елестете аласыз ба? Иә, мырзалар, мақала шықпайтынын ...түсінуге жетерліктей ақпарат жинау үшін қаланың жартысын айналуға, елудей нөмірге телефон шалуға, көптеген бас тартулар естуге тура келетін. Міне сол кзеде, есімде, Ұлттық баспасөз клубы бізге грант берді – ол Фурманов көшесінде орналасқан ғимараттағы барлық журналистерге өз компьютерлері арқылы ғадамторға кіру мүмкіндігін ұсынды. Міне сол жерде біз Сейтқазы Бейсенғалиұлымен танысқан болатынбыз, ол әркез жарқын күлкісімен, үрілген шар секілді, позитив пен оптимизмге толы жан дүниесімен осы бөлмеге кіріп (тіпті ұшып келетіндей еді), жас журналистердің жағдайын білетін. Оның барлық (шындығында да барлығына!) әріптесіне айтатын «жаным» деген дем беретін сөзі - ұмытылмас кездер. Ол барлығын оқиды, барлығын есіне сақтайды, кез келген қиындыққа тап болған, кез келген өзінің медиа жобасын ашқысы келетін, жай кеңес сұрау үшін ғана келген адамға көмектесуге дайын тұратын. Бәрі үшін сөз де, жылы қабақ та, кеңес те, деп беретін энергия да табатын. Сейтказы Матаев билік үшін де, әріптестері үшін де, оппозиция үшін де, ренжігендер үшін де, табысқа жеткілері келетіндер үшін де сөз табатын. Еліміз басынан өткізген қиын кезде де тіпті қорқынышты сәттерге қарамастан, ал еліміздің басынан саясаткерлердің өлімі де, саяси дағдарыс та, соттар да, билік, клан, қоғам мүдделерінің көптеген жанжалдары да өтті. Ол барлық жерде ортақ тіл тауып, мінбені беріп, ақырында тараптарға жанжалды шешуге мүмкіндік беретін белгі беретін.
 Қазір ондай араағайындық медиация деп айтылатын сәнді сөзбен аталады, ал онымен айналысатын тұлғалар медиаторлар делінеді. Қазақстандағы медиа өзінше көбісінде билік пен қоғам арасындағы жалғыз делдал десе де болады, ал Матаев осы тұрғыдан ең басты медиалық медиатор болып табылады. Ұлы медиатор, оны батыл айтуымызға болады. Facebook-қа орналастырылған Бас прокурор мен президенттің атына жазылған хатқа шынымен белсенді жұмыс атқарып жатқан, әлеуметтік желілерде белсенді жүздеген журналистер қол қойды. Ал қол қоймағандарының өздері кім екендерін айтып тұр. Қадірменді оқырман, сенсеңіз, біздің цех бойынша әріптестер тарапынан осындай бірауыздылық бұрын болмаған шығар және алда да ешқандай себеппен болмас. Тіпті сыртынан үкіметке бүйрек бұрады деп айтып жүргендер де, өздерін режиммен күресіп жүрген ымырасыз оппозициямыз дейтіндер де қол қойыпты. Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі өз пікірін білдіруге мүмкіндік бергендігінің арқасында біздің қоғам қаншама қиын кезеңдерден өте алғанын санау да қиын шығар.
Ал ҚазТАГ-қа келетін болсақ, ол шын мәнісіндегі қазақстандық жалғыз ақпараттық агенттік, нағыз ақпараттық, нағыз агенттік. Ал ақпараттық таспалардың басқа көздері не шетелдік, не ақпараты түкке тұрғысыз, немесе басқадан алып жариялап отырған сайттар, немесе жаңалық тақырыбын оқып отырып қызарасың, себебі оларды жазып отырған сенің мамандығыңның өкілдері жазып отыр ғой. ҚазТАГ Қазақстан туралы ешкімге ұқсамай, ешқандай бүкпесіз салиқалы ақпарат беріп отырған жалғыз агенттік. Ол шетелде өзінің өкілдіктерін ашты, ол дегеніңіз біздің БАҚ үшін естімеген жәйт. ҚазТАГ бір тұрғысынан халықаралық мойындалған жалғыз қазақстандық ақпараттық бренд. ҚазТАГ-тың тым ашықтығы, ауқымдығы, жоспардағыдан шапшаңдығы, тым әсірелеп емес, онша ұнамайтын болса да шынайы шындықты жазып отырған сараптамасымен, бәлкім, баз біреулерге ұнамауы да мүмкін. Бірақ дәл осысымен ақпараттық агенттік басқа баспа, электрондық, теледидарлық БАҚ-тарға ерекше көмекші бола алады.
Иә, қазір біздің елдегі журналистика дағдарыста деп айтуымызға болады. Экономикамыз да. Мораль. Бүкіл еліміз де дағдарыста ғой. Біріншісіне қатысты Матаевтың айыбы жоқ. Ал егер кімде-кім қоғамды ақпараттандыру, сауал беру, көзқарасты білдіру туралы өзінің қасиетті міндетін есте сақтай отырып алға ұмтылса, онда ол Матаевтың арқасында мүмкін болатын. Осы мамандықта қалуға көмектескеніңіз үшін, біздің жұмысымыз әлі керек, маңызды және жалғасуы керек екеніне сенуге көмектескеніңізге Сізге, Сейтқазы Бейсенғазиұлы, үлкен рақмет! Біз Сізге бар сынақтан абыроймен, беделіңізді, денсаулығыңызды сақтай отырып өтуіңізге тілектеспіз.

adimage