Алматы. 25 қаңтар. ҚазТАГ – 26-28 қаңтарда Қазақстан республикасының басым бөлігінде аяз күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райын көбінесе антициклондар анықтайтын болады, сол себепті республиканың басым аймағында түнде 30...38 градусқа дейін аяз күтіледі, ал күндіз 18...27, кей жерлерде 30 градус аяздан жоғары болмайды, бұл климаттық нормадан төмен. Ал, Орталық Азия арқылы циклон жылжыйтын болады. Қазақстанның солтүстік жартысында суық және күшті антициклон және Орталық Азиядағы жылы циклон республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының тау асуларында жаяу бұрқасын мен шығыс желінің күшеюіне себеп болады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Сондай-ақ, 26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі.
«Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с. Петропавл қаласы: 26 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Демалыс күндері Қазақстанда аяз күтіледі
