Демалыс күндері Қазақстанда аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Синоптиктер 22-24 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде аязды жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы күндері Қазақстанға әсерін тигізген антициклон әлсірей бастайды. Бірақ Таймыр төңірегінде жаңа антициклон қалыптасып, және ол күшейіп, Батыс Сібірдің орталық аймақтарына ығыса бастайды және оның сілемі Қазақстанға әсерін тигізеді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Сондықтан алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде суық, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, қар тек республиканың жеке аймақтарында күтіледі, тұман оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында сақталады, батыс аймақтарда да тұман, сонымен қатар көктайғақ болады.
Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда бұрынғыдай түнде 30…39°С аяз күтіледі, бұл климаттық нормадан 7…10°С төмен.

adimage