Демалыс күндері Қазақстанда күзгі жауын-шашынды және салқын ауа райы күтіледі

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Демалыс күндері Қазақстанда күзгі жауын-шашынды және салқын ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күзгі күн мен түннің теңесуі күні астрономиялық күз басталады. Осыған байланысты, республиканың басым облыстарында жаңбырлы әрі суық ауа райы күтіледі. Бұл Қазақстанға Батыс Сібірден ығысатын салқын атмосфералық фронттар мен циклонға байланысты», - делінген жұмада таратылған 22-24 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамында.
Тек республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыстан келген тропосфералық ағындар мен жоғары атмосфералық қысымға байланысты ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.



adimage