Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді – болжам

Күні: 12:42, 01-03-2019.

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – 2-4 наурызда Қазақстанда бұрқасын, қар және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанға Орталық Азия мен Ресейдің Еуропалық бөлігінен бір уақытта циклондардың жылжуы жалғасуда. Сондықтан алдағы демалыс күндері республикада күрделі метеорологиялық жағдаймен болатын ауа райы күтіледі», - делінген жұмадағы хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, Қазақстанның басым бөлігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың әсерінен қар, кей жерлерде бұрқасын, күшті екпінді жел және жылудың әсерінен көктайғақ күтіледі. .
«Оңтүстік облыстарда оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр, жылбысқы қар, дүйсенбіде қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Температураның ауытқуы болады, бірақ батыстан басқа аймақтарда, климаттық нормадан жоғары сақталады. Батыста температура нормаға жақын және төмен болады», - делінген баспасөз парақшасында.


Жаңалықтармен бөлісу: