Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді – синоптиктердің болжамы

Күні: 19:03, 08-02-2019.

Астана. 8 ақпан. ҚазТАГ – Алдағы демалыс күндері синоптиктердің болжамынша Қазақстанда күн жылынады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК директоры Марина Шмидт.
«Демалыс күндері солтүстік өңірлерде түнде температура 18-23 градус аязға дейін көтеріледі, кей жерлерде 28 градус аязға дейін. Күндіз 10-18 градус аяз болады. Елдің оңтүстігінде түнде температура 0 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде 5-10 градус аяз. Күндіз ауа райы жылиды, -3-8 градус шамасында», - деді М. Шмидт жұма күнгі брифингте.
Оның айтуынша, ауа температурасының көтерілуімен бірге атмосфералық фронттар өз жолында қардың жаууына, бұрқасын, екпінді желдің тұруына ықпал етеді. Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, көктайғақ және тұман түседі.
М. Шмидт сондай-ақ, аптаның басында кезекті антициклонмен қатар салқын толқын күтілетінін айтты, ол алдыңғысына қарағанда барынша қарқынды болуы мүмкін.
«Аптаның басында республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы 22-27 градус төмендейді, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз болады. Елдің шығысында 35 градус аяз. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында -5-10 градус аяз, солтүстік өңірлерде -15-20 градус аяз. Бұл толқын қысқа болады, сәрсенбіден бастап аяздың беті қайтады», - деді ол.
М. Шмидттің ақпарынша, солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -15-23 аязға дейін көтеріледі, күндіз -5-13 градус аяз. Оңтүстігінде -2-3 градус жылы, оңтүстік өңірлердің солтүстік бөлгінде -5-10 градус аяз. Күндіз ауа температурасы -5-10 градус жылы болады.


Жаңалықтармен бөлісу: