Демалыс күндері қазақстандықтарды жылдам ауыспалы ауа райы күтуде

Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ – Синоптиктер Қазақстанда 30 наурыз-1 сәуір аралығында ауа райы жылдам құбылмалы болады деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Көктемгі күн сәулесінің артуына байланысты ауа температурасы жылдам көтерілуде. Қазақстанның бүкіл аумағы қар жамылғысынан тазарды деуге болады. Тек қиыр солтүстік облыстарда, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлердегі таулы аудандарда ғана қалды. Бірақ ол да жылдам еріп жатыр», - делінген жұмада таратылан хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, көктемдегі циклондар мен антициклондардың жылдам ауысуына байланысты ауа райы да құбылмалы болады.
«Сондықтан алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал кей өңірлерде қысқа уақытқа болса да, күн жауын-шашынсыз, жылы болады», - делінген баспасөз парақшасында.

adimage