Демалыс күндері Қазақстанның басым аумағында күн жылиды деп күтілуде

Күні: 15:25, 04-01-2019.

Астана. 4 қаңтар. ҚазТАГ – 5-8 қаңтарда Қазақстанның басым аумағында күн жылиды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«(…) республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Бірақ атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжып, қар жауады, бұрқасын соғады. Батыстан күшті жел соғып, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ және тұман күтіледі», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Болжамға сәйкес, алдағы демалыс күндері Сібір антициклоны әлсіреп, шығысқа қарай шегіне бастайды
«Оның орнына Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан және Қара теңізден циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттармен жылы және дымқыл ауа массалары келеді», - деп атап өтті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: