Демалыс күндері Қазақстанның басым облысында жауын-шашынды бұлтты ауа райы күтіледі

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ – 11-13 қаңтарда Қазақстанның басым облысында жауын-шашынды бұлтты ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен келетін жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен Қазақстанның басым өңірінде тұман, көктайғақ, бұлтты және жауын-шашынды күн райы сақталады», - делінген жұмада таратылған демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктер атап өткендей, ауа температурасы әлі де көпжылғы орташа көрсеткіштен жоғары болатыны болжанады.
«Тек республиканың оңтүстігінде ауа температурасының қысқа мерзімге төмендеуі күтіледі», - делінген хабарда.

adimage