Демалыс күндері Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аудандарында қар жауады, бұрқасын және күшті жел тұрады деп күтіледі

Астана. 11 қаңтар. ҚазТАГ – 12-14 қаңтарда Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аудандарында қар жауады, бұрқасын және күшті жел тұрады деп күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағына Қара теңіз аймағынан жылжып келе жатқан ауа ағындарының ықпалымен Сібір антициклоны әлсіреп, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болуы мүмкін әрі жел күшейе түседі», - делінген жұмада таратылған хабарда
Болжамға сәйкес, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына оңтүстік циклоны ықпал етуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін.
«Батыстан күшті жел соғып, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерге тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал», - деп атап өтті синоптиктер.

adimage