Демалыс күндері Қазақстанның бес облысында жауын-шашын, күннің салқындауы, қатты жел күтіледі

Күні: 18:33, 11-10-2018.

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – 13-14 қазанда Қазақстанның бес облысында жауын-шашын, күннің салқындауы, қатты жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«13-14 қазанда Түркістан облысында, 14 қазанда Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі, таулы аймақтарда қатты жауады (жаңбырдың соңы қарға айналады). 13 қазанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі. 14 қазанда күндіз ауа температурасы 5-10 жылыға дейін төмендейді», - делінген бейсенбідегі дауылды ескертуде.  
Хабарда айтылғандай, 13 қазанда Кызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
«Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - деп атап өтті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: