Демалыс күндері ШҚО-ның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Күні: 19:33, 25-09-2018.

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Демалыс күндері ШҚО-ның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет-ресурсынан.  
«29-30 қыркүйекте Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді», деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  
Алдағы демалыс күндері «Қазақстан» спорт сарайы жанындағы алаңда (Қ. Мұңайтпасов көшесі) Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.  Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына 349 тоннаға жуық түрлі ауылшаруашылық өнімдері ұсынылмақ. Атап айтқанда  жылқы еті, қымыз, әртүрлі ұлттық тағамдар, күнбағыс майы, сүт және сүт өнімдері,  шұжық өнімдері, балық, қарбыз және картоп, қырыққабат, сәбіз және т.б. Өнімдер базар бағасынан 10-15 % пайызға төмен бағамен сатылады. Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне облыстың Семей және Өскемен қалалары, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Зырян, Глубокое, Зайсан, Тарбағатай,Күршім, Көкпекті, Шемонайха, Катонқарағай, Ұлан, Үржар аудандары қатысады. Сондай-ақ, іс-шара барысында Жарма ауданының өнерпаздары келушілерге  мәдени концерттік бағдарламасымен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.


Жаңалықтармен бөлісу: