Демалыс күндері Қызылорда облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады

Астана. 7 маусым. ҚазТАГ – 8-9 маусымда Қызылорда облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«8-9 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с. 9 маусымда кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дабылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.

adimage