Демалыс күндері Қзақастанның басым облыстарында қар жауып, бұрқасын тұрады

Күні: 12:37, 09-11-2018.

Астана. 9 қараша. ҚазТАГ – 10-12 қараша аралығында Қазақстанның басым облыстарында қар жауып, бұрқасын тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Демалыс күндері Қазақстанның басым облыстарында – қар және бұрқасын, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, бірақ мұнда да дүйсенбіде қар және кей жерлерде бұрқасын күтіледі», - делінген жұмада таратылған хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, қыс сияқты ауа райы Батыс Сібір аймағынан Қазақстанға жылжып жатқан суық фронттармен байланысты болады. Олар дымқыл арктикалық ауаны алып келіп, республиканың бүкіл территориясында суытуды тудырады. Бұл күндері ауа температурасы климаттық нормадан 2…5° градус, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 5…10°С төмен күтіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: