Демалыс және дүйсенбі күндері Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Демалыс күндері және дүйсенбіде Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Демалыс күндері және қыркүйектің соңғы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз және бұл маусымға қалыпты температурадан 2...5° С жоғары ауа райы күтіледі», - делінген 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығына арналған жұмада таратылған ауа райы болжамында.  
Синоптиктердің айтуынша, мұндай қолайлы ауа райы антициклонның және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың ықпалымен орнайды.
«Республиканың тек шеттегі солтүстік және батыс аудандары атмосфералық фронттардың ықпал ету аймағында болады. Салдарынан кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, алайда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары күйінше сақталады», - делінген хабарда.  


adimage