Денис Теннің қазасы күнгі оқиғалар хронологиясын марқұмның анасы тізіп берді

Алматы. 4 қаңтар. ҚазТАГ - Динара Жаркеева. Алматыда сотта Денистің анасы Оксана Тен баласын неліктен тапсырыспен өлтірілді деп санайтынын түсіндірді, төменде мәнерлеп сырғанаушының қазасы күнгі оқиғалар анасының сөзі бойынша беріліп отыр, деп хабарлады сот залынан агенттік тілшісі.
«2018 жылдың 29 маусымында Денисті «Гедонист» мейрамханасының ашылуына шақырды. Ол шараны ұйымдастырушы «9 топ» ЖШС директоры Аманова Мәдина болатын. Бұл компанияның алдына мамыр айында мейрамхананың ашылуына жұлдыздарды шақыру міндеті қойылған, оның ішінде әсіресе Денис Тенді шақыру керек болған. Мейрамхананың директоры Хайруллаев Руслан – Денистің 1-3 класқа дейін бірге оқыған кластасы, бірақ олар мейрамханада кездескенге дейін ешқандай достық қарым-қатынаста болмаған. Оның үстіне, Денис мейрамхананың ашылуына барғанда ол жерде Хайруллаевтың барына және оның мейрамхана директоры екенін біліп таң қалды, десек те бұған дейін олар әлеуметтік желіде хат жазысулары мүмкін, яғни байланыс болды, бірақ кездескен жоқ. Сол кездесуден кейін Хайруллаев Руслан Денисті бірнеше рет мейрамханасына шақырды, кетпес бұрын оны қонақ қылғысы келетінін айтқан»,- деп бастады әңгімесін О.Тен.
Спортшының анасының айтуынша, 18 шілдеде Р.Хайруллаев Дениске жұмысына кешке қонақ болып барған, сөйтіп оған келесі күні кездесейік деген, яғни 19 шілдеде. «Таң қаларлығы, Хайруллаев мейрамханада 21.00- де болған және Дениспен кешкі 10 шамасында кездескен, әңгіменің нақты немен аяқталғанын білмеймін, мүмкін, Денис оған 19-ы күні мейрамханаға баруға уәде берген шығар».
О.Теннің айтуынша, 15.00-де баласымен кездесу белгіленген.
«Сағат 3-те баламыз екеуміздің Чехиядан келген инвесторлармен Қазақстан бойынша мұз айдындарының құрылысы жөнінде ортақ кездесуіміз болу керек еді. Сағат 13.45-те оған (Дениске-ҚазТАГ) оның кластасы (Хайруллаев - ҚазТАГ) оны көргісі келетінін, түскі асқа шақыратынын жазды. Бұл жазбаны біз сақтап қойдық, ол WhatsApp-пен келген. Денис оған «менің қарным аш емес, бірақ бір шыныаяқ кофе ішуге болады» деп жазған. Одан қанша уақыттан кейін боласың, 15 минуттан соң ба? деп сұраған, Денис «иә» деп жауап берген»,- деді О.Тен.
13.48 - Д. Тен 40 минутқа келемін деп оң жауап береді.
«18 күні осы үштік Алматыға жан жақтан жиналады. Толыбаева Алматыда болған, Құдайбергенов те Алматыда болған, себебі ол 20-сы күні Астанадағы сотқа қатысуы керек болатын. Ал Қиясов өз үйінде тұрып жатқан. Осы үштік Шаңырақ ықшам ауданына жиналып, Қиясовтың ағасы Сұлтанның үйінде тұрған. Жақсы тұрып жатқан. Бірақ неге екені белгісіз, 18-і күні олар шұғыл түрде қала орталығына барып, сағат 23.00-де пәтер жалдайды. Бұның Денистің келесі күні келуге келісім беруімен байланысы бар сияқты. Олар қала орталығына келеді, не үшін? Олардың ақшасы жоқ, олар айналарды ұрлап жүр, бірақ олар бір түнге Мәметова –Наурызбай батыр көшесінен пәтер жалдайды, ол арзан аудан емес. Түнде олар Магнумнен пышақ сатып алады, сөйтіп бұл пәтерде түнгі 2-ге дейін отырады, бұл да Денистің мейрамханаға келуге келісім беру уақытымен сәйкес келіп тұр. Олар мұны түнде Қиясовтың аяғы ауыр қызына дәрі алу керек болғанымен түсіндіреді. Бірақ олар ағасының көлігін айдап кетеді, нақтырақ айтсақ, ағасы оны өзі берген шығар. Олардың көлігі бар, яғни түнде шығып дәрі алу еш қиындық тудырмас еді, көлікпен барып ала қояды, сосын Шаңыраққа қайта қайтады, бірақ олар пәтер жалдап, түнде үшеуі сол жерде қалады»,- деді марқұмның анасы.
14.00 – барлық қозғалыс басталды. Денис келісімін берді.
Шамамен 14.11 - Денис «Бурритодан» шығады, сол мезетте сотталушылар да пәтерден шығып, Наурызбай батыр бойымен Мәметовдан келе жатады. Наурызбай батырмен жүріп келе жатып, үштік Гогольге бұрылады.
14.14 – камера оларды Гоголь-Сейфуллинде түсіріп алған, олар кері бағытта келе жатады.
14.15 – Толыбаевадан қоңырау келіп түседі, олар Байтұрсынов бойымен көтеріледі. О.Тен олар неге күрт бағыттарын өзгертті деген сұрақ тастады.
Шамамен 14.15-18 «үштік» Құрманғазы көшесінің бойымен жүріп келеді. Толыбаева мен Қиясовтың түсініктемесі бойынша жолды Құдайбергенов көрсетіп отырған. Толыбаева үнемі телефонда болды және оған үнемі қоңырау шалып жатты. Толыбаеваның түсініктемесі бойынша олар Құрманғазыға жеткенде, көлікті белгілеп, бір айналып шығып, Құрманғазы-Төлебаев көшесіне кетеді, сол жақта көліктерін қояды.
14.18 – мейрамханадағы бейнекамера жазбасы бойынша Денис «Гедонист» мейрамханасына кірген. Яғни сағат 14.15-те олар айналып жүргенде Денистің көлігі сол жерде болған болу керек.
14.30 - «үштік» мейрамхана жанынан өтеді.
«Сотталушылар өздерімен бірге Толыбаеваны алғылары келмегенін айтады, ол өзі қалмаған, олар оның көлікте қалғанын қалаған, бірақ ол қалмай ерген, телефонын ұстап алып, қастарында келе жатқан. Неміс видео инситутынан жазбаны талдағанда бұл үштіктің Бәйсейітова көшесіне қарай тез адымдап жүріп келе жатқанын, Толыбаеваның қолына телефон ұстамағанын, жолда өте белсенділік танытып, әңгімелесіп, тіпті жолды көрсетіп келе жатқандай болғанын байқауға болады. Ұсталғандардың түсініктемелеріне сүйенсек, олар оқиға орнына келгенде бірден көлікке жақын келмеген, бізге күдік тудырғаны да осы. Алдымен олар Абылай хан бойымен жүріп шыққан, сосын кері қайтып келген.
Олар мұны адамдардың көп болуына байланысты, халықтың азаюын күттік деп түсіндірді. Видеоны қарағанда, нақты сол уақыт ішінде, яғни 20 минутта жаяу жүріп бара жатқан 10 адамды ғана көрдік. Сонда бұлардың айтып тұрған адамдар легі қайда?»,- деп сұрады О. Тен.
Сосын Ж. Толыбаеваға Бәйсейтова көшесіндегі жерді нұсқайды.
Сосын А. Құдайбергенов жүргізуші жағындағы айнаға келіп, қолғабымен оны шешіп алып, жол жиегінде тұрған Н.Қиясовқа апарып береді, Н.Қиясов оны сөмкесіне салып алады.
«Олардың айтуынша, 2 айнаны шешу арасында 10-15 минут уақыт кеткен. Осы уақыт ішінде не істерін білмеген Қиясов Магнумнен сатып алған пышағымен ойнап тұрған»,- деп жалғастырды спортшының анасы.
14.52 - Денис мерамханадан шығып, өз көлігіне қарай беттеп келеді. Қиясов пен Құдайбергенов кенет оң жақтағы жолаушылар айнасына барады, бірақ Қиясов кенеттен өз орнына барады – бұл сырттан бақылап тұрған Толыбаевның түсніктемесіде.
«Толыбаевның түсініктемесіне сәйкес, Қиясов өз орына барғанда, Толыбаевның жанынан көлік иесі өтеді. Денис Құрманғазының бойымен жол жиегінде келе жатады, құлағында құлаққаппен, музыка тыңдап келе жатады, Толыбаев оның көлік иесі екенін қайдан біледі, Денис Lexus көлігі бар паң жігітке мүлде ұқсамайды. Сол сет ол музыка тыңдап келе жатады, мүмкін әуен шығарып келе жатты ма, үнемі шығармашылықпен ойланып жүріп, анйаласын байқамаған. Өз көлігіне жеткенде Құдайбереновты көреді, жолаушылар жағының айнасын шешкен ол, айнаны Денистің қолына бере салады. Қай көлік ұрысы ұрлаған затын қолына бере салады, оның үстіне сөз жарыстырады? Денис ашуланып кететіндей, Құдайбергеновтың не айтқанын білмеймін, оны ұсталушының өзінен сұрау керек және не үшін?»,- деді ол.
Сосын А. Құдайбергенов қаша жөнеледі және сол кезде клік өтіп бара жатады, сол көліктің капотына Құдайбергенов соғады. Құдайбергенов Денистің көлігінің артына қарай қашады, егер ол шын қашқысы келген болса, ол Абылай ханға қарай сайын далаға қашар еді. Құдайбергенов спорт алаңына қарай қашады, оның артынан Қиясов қашады, оның қолында пышақ болады. «Осы жерде тұр, егер бірдеме болса кет деп бұйрық берілген Толыбаева түсініктемесінде үшеуі спорт алаңына барғанда қорыққанын, содан қашып кеткенін айтты. Сен неден қорықтың? Әлде артының немен бітерін білдің бе?»,- деп сұрады О. Тен.
Сосын, «өз істерін бітірген» Құдайбергенов пен Қиясов қашып кеткен.
«Олардың кетіп бара жатқанын көрген куәгерім бар. Және мен сіздерге айтайын, бұл еркектік іс емес, олардың Дениске әлдері келмеген. Сіздер қаруланған едіңіздер, белбулеріңді де әдейі шештіңдер, бірің шегіндіру үшін, екіншің пышақпен болдыңдар, бірақ сендердің Дениске күштерің келмеді, тіпті оны құлата алмадыңдар. Ол түрегеп тұрды, тіпті ауыр жарақат алғанда да құламады. Сендерге «Тоқтаңдар!» деп айқайлаған ол емес, сендерді қуған полициейлер болатын «Тоқтаңдар!» деп те айқайлаған солар. Ал Денис куәгерлердің айтуынша, бір сөз де айтпаған, ешкімнен көмек те сұрамаған, есінен танып қалғанға дейінгі соңғы секундқа дейін аяғымен тік тұруға тырысқан»,- деді О. Тен.


adimage