Денис Теннің өлімі туралы іс бойынша аппеляциялық шағым қаралатын күн белгілі болды

Күні: 15:52, 01-03-2019.

Алматы. 1 наурыз. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Денис Теннің өлімі туралы іс бойынша аппеляциялық шағым қаралатын күн белгілі болды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.
«Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2019 жылғы 17 қаңтардағы қылмыстық істер жөннідегі мамандандырылған ауданаралық сот үкімне процеске қатысушылардан түскен аппеляциялық шағым бойынша Арман Құдайбергеновке, Нұралы Қиясовқа, Жанар Толыбеваға қатысты қылмыстық сотты қарау күнін белгіледі. Сот отырысының өтетін күні 13 наурыз сағат 15.00», - деп хабарлада соттан жұма күні.
Үкімеге қатысты аппеляциялық шағымды сотталушылар Құайбрегенов пен Қиясов берген. Бұған дейін оысған ұқсас шағымды Нұрлан Өстеміров жааған еді. Ол - спортшыныың анасы Оксана Теннің қорғаушысы.
Еске салсақ, Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша сотталушыларға үкім шықты.
А. Құдайбергенов ҚР ҚК 188 б.2б.2т.т. (ұрлық), 192 б.2б. 1, 5 т.т. (қарақшылық), 99 б. 2б. 7, 8 т.т. (адам өлімі) бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалып, жазасын жоғары қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болды.
Сондай-ақ, сот Н. Киясовты – ҚР ҚК 192 б.2б. 1, 5 т.т. (қарақшылық), 99 б. 2б. 7, 8 т.т. (адам өлімі) баптары бойынша айыпты деп танып, оған да сондай үкім шығарды.
Ж. Толыбаеваны сот ҚР ҚК 434 б (қылмыс туралы хабарламау), 24 б. 3 б., бойынша айыпты деп танып, ал 188б. 2б. 1 т.т. (алдын-ала сөз байласу арқылы ұрлық жасауға оқталу) бабы бойынша ақтап, 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ сотталушының әрқайсысынан 30 АЕК, Ж.Толыбаевдан 20 АЕК зардап шегушіге келтірілген зиянды өтеу қорына өндірілетін болады.
Бұған дейін прокурор А. Құдайбергенов пен Н. Қиясовты әрқайсысын 20 жыл бас бостандығынан айыруды, ал Ж.Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Еске салсақ, Сочидегі қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері қазақстадық мәнерлеп сырғанаушы Д.Тенді 19 шілде күні өлтіріп кетті. Қайғылы жағдай Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында сағат 15.00 шамасында орын алған. екі бұзақы көлік тұрағында тұрған Lexus GX 460 көлігінің жанындағы айнасын шешіп алмақ болған. Сол кезде оларға көлік иесі – Д.Тен келіп қалған. Сол сәтте ұрылар мен спортшы арасында төбелес болып, спортшы пышақтан ауыр жараланып, ауруханада көз жұмды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәнерлеп сырғанаушының ауыр жарақат алғанын атап өткен.
Танымал мәнерлеп сырғанаушының өлімі қоғамдық резонанс тудырды. Қазақстандықтар ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың отставкаға кетуін және орын алған жәйттан кейін полицияға реформа керектігін талап етті. Олардың айтуынша егер тәртіп сақшылары тиімді жұмыс жасағанда мұндай қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстан спортына еңбегі сіңген спорт шебері, Олимпиада-2014 қола жүлдегері, 2015 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы VII қысқы Азия ойындарының чемпионы және көптеген басқа да марапаттар иесі Д.Тен Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан атақты спортшы болған еді. Қазақстандықтың қоржынында барлығы 10 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль бар, оның басым бөлігін ол халықаралық турнирлерде жеңіп алған. Халықаралық конькишілер одағының ағымдағы рейтингінде ол әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылар ондығына кірген болатын. Белгілі қазақстандық спортшы 25 жасында өмірден озды.


Жаңалықтармен бөлісу: