Денис Уланов ауыр атлетикадан Азия Чемпионатында «қола» иемденді

Алматы. 23 сәуір. ҚазТАГ – Денис Уланов Азия чемпионатында қола медаль иемденді, деп хабарлады ауыр атлетика федерациясының баспасөз қыметінен.
«Қытайлық Нинбо қаласында Азия Чемпионаты өтіп жатыр, ол Олимпиада ойындарына жолдама беретін турнир болып табылады. Бүгін жарыс кілеміне 81 кг дейінгі салмақта Денис Уланов шықты. Денис Уланов екі жаттығу нәтижесінде 356 кг (160+196) көтеріп, қола медаль иемденді. Бұдан басқа оның қоржынында серпіп және жұлқа көтеруден кіші қола бар», - делінген хабарда.

adimage