Денсаулықмині басшысының қамауға алынған орынбасары Әбішев Т1,5 млрд астам соманы жымқыруға қатысы бар болуы мүмкін

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Денсаулықмині басшысының екі айға қамауға алынған орынбасары Олжас Әбішевтің Т1,5 млрд астам соманы жымқыруға қатысы бар болуы мүмкін, деп хабарлады белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков.
«Кеше менде вице-министр Олжас Әбішев, екі айға қамауға алынған, Т127 млн. жымқыру күдігіне ілікті деген ақпарат болды. Бүгін басқа дерек көзі бұл ақпаратты нақтылады: шын мәнісінде жымқырылған болуы мүмкін соманың көлемі – $1,5 млн. 2018 жылғы бағамен санағанда Т1,5 млрд. астам болып шықты», - деді Козачков сәрсенбіде өзінің Telegram-каналында.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қаржы министрлігінің қаржылай мониторинг комитеті экономикалық тергеу комитеті ұстады-мыс деген ақпарат тараған еді. 2 тамызда ҚР ҚМ қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметі вице-министрдің ұсталғанын растады. 3 тамызда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Әбішевтің өткен аптада өз еркімен кету туралы арыз жазғанын, «бұл мәселенің» ведомствода «қаралып жатқанын» айтты.

adimage