Денсаулықмині КВИ-ді жұқтырғандар мен қаза тапқандар туралы қазақстандықтарды ақпараттандыру тәртібін қайта өзгертті

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты инфекцияны жұқтырғандар мен одан қаза тапқандар туралы қазақстандықтарды ақпараттандыру тәртібін қайта өзгертті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ПТР-тесті оң болған коронавирусты инфекцияны жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар және ПТР-тесті теріс болған КВИ туралы ақпарат күн сайын ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік парақшасында жарияланатын болады. Өңірлер бойынша ақпарат апта сайын денсаулық министрлігінің ресми өкілінің брифингі барысында хабарланады», - делінген бейсенбідегі ведомствоның хабарында.
Еске салсақ, 2 шілдеде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой денсаулықминінің коронавирус бойынша статистиканы күн сайын хабарлауды тоқтататыны және қазақстандықтарды тек апта сайын ғана хабардар ететінін хабарлаған еді.

adimage