Денсаулықмині КВИ-ге қарсы вакцинаның 8 млн дозасын қосымша жеткізуге шарт жасады – Цой

Астана. 3 тамыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты инфекцияға қарсы вакцинаның қосымша 8 млн дозасын жеткізу бойынша келісім - шарт жасады, деп мәлімдеді Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Министрлік 4 млн адамға арналған қосымша 8 млн дозаны жеткізуге келісім шарт жасады. Жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде. Соған байланысты республикада халықтың вакцинаға қол жетімділігі жеткілікті көлемде қамтылған», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол нақты қандай вакцинаның жеткізілетінін, қашан, қанша көлемде болатынын нақтыламады.

adimage