Денсаулықминінде Қазақстан өңірлеріндегі коронавирус жұқтыру өсімінің қарқыны туралы айтты

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Қазақстан өңірлеріндегі коронавирус жұқтыру өсімінің қарқыны туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.
«Өңірлер арасынан бірінші топқа (коронавирус жұқтыру – ҚазТАГ) 7%-дан жоғарылар жатады. Бұл - Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстары, Қостанай, Түркістан, Шымкент және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бірақ Солтүстік Қазақстанда – ол жақта Ресей Федерациясынан келгендер есебінен көп болып отыр», - деді Сұлтанғазиев дүйсенбіде.
Екінші топқа, оның айтуынша, өсім қарқыны 7%-дан төмен өңірлер жатады, бірақ 5%-дан жоғары: Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан.
«Үшінші топқа біз өсім қарқыны 5% төмен өңірлерді жатқызамыз. Олар – Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы», - деді Сұлтанғазиев.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, ол атап өткен өңірлерде «көбіне ірі кәсіпорындарда ауру тіркеліп отырған, мәселен, Шымкентте «ПетроҚазақстан» немесе Қарағанды облысында «Қазақмыс» нысаны, Атырауда «Теңізшевройл».

adimage