Астана. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркияда демалыста жүріп шұғыл түрде босанған қазақстандық туралы пікір білдірді
«Бүгін біз түнімен сыртқы істер министрлігіндегі әріптестерімізбен мерзімінен бұрын Түркияда туылған сәбиді Қазақстанға жеткізу мәселесімен айналыстық. Яғни, көптеген техникалық, заң және қаржылық мәселелер болғаны түсінікті, біз бұл сұрақты шешеміз, баланы да жеткіземіз. Бірақ ересек адамдар жүктіліктің 7 айында жүріп басқа елге медициналық сақтандырусыз қалай кеткен, тәуекел етіп», - деді Е.Біртанов жұма күні халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің жаңа жобасының тұжырымдамасын талқылау барысында.
Оның айтуынша, «сосын мемлекет бұл шығындар ауыртпалығын өзі арқалайды».
«Жауапкершілік деген болмайтын ба еді?», - деді ол.
Бұған дейін қазақстандық БАҚ жаңа туылған нәрестенің туа сала түркиялық аурухананың «кепіліне» айналғанын хабарлаған еді.
Ата-аналар аурухананың медициналық қызметіне ақы төлей алмаған. Сосын баласын тастап, ақша жинау үшін еліне оралған. Түркияға жас жұбайлар демалу үшін барған. Жолдаманы оларға туыстары сыйлаған.
Денсаулық министрлігі Түркияда демалыста жүріп шұғыл түрде босанған қазақстандық туралы пікір білдірді
