Денсаулық министрлігіне Қазақстандағы карантинді алып тастау жоспарын 13 тамызда таныстыру тапсырылды

Күні: 12:32, 11-08-2020.

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстанда карантинді алып тастау жоспарын 13 тамызда енгізуді тапсырды.
«Қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігіне бейсенбіде мемлекеттік комиссияның қарауына карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырамын», - деді Мамин сейсенбідегі үкімет отырысында.
Ол атап өткендей, «жалпы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты».
«Коронавирус бойынша барлық көрсеткіштер төмендеп келеді. Өсімнің орташа көрсеткіші 0,84 дейін төмендеді. Жазылғандардың үлесі 73,6%, қалғаны қажетті емдерін алуды жалғастыруда. Бұл ретте кереуеттердің толымдылығы 61% төмендеді, ал жедел-жәрдем шақыру 62% төмендеді. Бұл нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін білдіреді», - деді Мамин.


Жаңалықтармен бөлісу: