Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бұрынғы вице-министрі Астананың Сарыарқа ауданын басқарады

Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Ерғали Егемберді Астананың Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Бақыт Сұлтанов (Астана әкімі – ҚазТАГ) қалалық мәслихатқа Сарыарқа ауданы әкімінің қызметіне Ерғали Егембердіні бекітуді ұсынды. Оның кандидатурасын депутаттар бірауыздан мақұлдады», - деп хабарлады дүйсенбі күні Астана әкімдігінен.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Е.Егемберді 2018 жылдан бастап Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және үйымдастырушылық-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған. Оған дейін 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін Астананың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын, ал оған дейін 2014 жылдан бастап 2017 жыл аралығында Қазақстанның денсаулық және әлеуметтік даму вице-министрі болған.

adimage