Депутат квадроберлерге қатысты дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев квадроберлер мәселесін көтеріп, әлеуметтік желіде арнайы топтар, жабық арналар пайда болып, арнайы сабақтар да ұйымдастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Квадроберлер дегеніміз кім? Қарапайым тілде айтсам, олар адам болудан бас тартып, күнделікті өмірде өздерін жануарларға теңеп, төрт аяқтап жүріп, жануар кейпіндегі бетпердемен жүреді. Итше, мысықша өмір кешіп, соларды дыбыстайды. Бұл еліміздегі балалар мен жасөспірімдерге төніп тұрған қатер. Олар тек сыртқы кейіп өзгертіп қана қоймай, иттерге тән әркеттер жасап адамдарға шабуылдау яғни, тырнау, тістеу фактілері де кездескен. Дәл бұл оқиғалар көрші Ресей және Өзбекстан елдерінде тіркеліп үлгерді. Әлеуметтік желідерде де квадробер болуды үйрететін арнайы топтар, жабық арналар пайда болып, арнайы сабақтар да ұйымдастырып жатыр», - деді ол.
Мәжілісмен құзырлы органдардан бұл мәселені жан-жақты зерттеп, алдын алу бойынша шаралар қабылдауды сұрады.
ІІМ Хасан Қасымбековке қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Turkistan.
Оның айтуынша, ол Хасан Қасымбаевқа қатысты істі толық зерттемеген, себебі бұл тергеу ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының құзыретінде.
«Қазір сол жерде біздің бір топ қызметкер жұмыс істеп жатыр. Мен бұл тақырыпты егжей-тегжейлі зерттемедім. Сондықтан оны тиісті басқармаға бағыттаған жөн. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін, олар өзінің жауабын береді», – деді Игорь Лепеха.
«Алмасбек Садырбай ұсталды»
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы А. Садырбайдың «аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкерелегенін» мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Агенттіктің хабарлауынша, ол өзі басқаратын адамдар тобымен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деген күдікке ілінген.
«Негізгі мақсат - ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды. Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды. Осылайша Т1,2 млрд астам қаражат ұрланған», - делінген хабарламада.
«Қазақстанда әйелдердің жұмыс күні қысқаруы мүмкін»
Мәжіліс отырысында депутат Қарақат Әбден әйелдер үшін жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, бұл әйелдерге бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, депутат жұмыс орындарында тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар мен балалар бөлмелерін ұйымдастыру әйелдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыруға ықпал етеді деп санайды.
Фото көзі: Instagram.com/@Dauletten