Депутат ұмыт болған қазақстандықтар - ҰОС батырларының есімін мәңгі есте қалдыруды ұсынды

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков ұмыт болған қазақстандықтар - ҰОС батырларының есімін мәңгі есте қалдыруды ұсынды.
«Ұмыт болған батырлар» жобасы аясныда 133 қазақстандықтың есімі белгілі болып, оларға Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ кей себептер бойынша оны алмаған. Өкінішке орай олардың есімдерін туыстарынан басқа білетіндер аз, олардың соғыстағы жанқиярлықтары ұмыт болған. Десек те олар есімдерінің мәңгі сақталып қалуына лайық», - делінген Дулатбековтың премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолданған депутаттық сауалында.
Жеңістің 75 жылдығы алдында депутат батырлардың естеліктерін мәңгі шараларының кешенді жоспарын әзірлеуді – кітап шығару, деректі кино түсіру, олардың туған жерлерінде ескерткіш тақта орнату, сондай-ақ іздестіру экспедицияларын жандандыруды ұсынды.
Мәжілісмен келтірген ақпар бойынша, ҰОС-на 1 366 164 қазақстандық қатысқан, оның 602 928-і көз жұмған, шамамен 500-і Кеңес Одағының Батыры атағын алған.

adimage