Депутаттар Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққандар үшін ауырсынуды басатын дәрілердің жетіспеушілігін атап өтуде

Күні: 17:58, 18-03-2019.

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққандар үшін ауырсынуды басатын дәрілер жетіспейді, науқастар оларды айлап күтуге мәжбүр, деді Гүлнар Ықсанова.
«Күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді сатып алу барысында дистрибьютер жеткізушінің тиімсіз баға талаптарынан қатты қиындықтарды бастан кешіруде. 2018 жылы 8 рет тендер жарияланды. 2019 жылы тек 4 препарат сатып алынды, қалғандарына екінші қайтара конкурс жарияланды. Науқастар үшін препараттардың таблетка түрі де үнемі қол жетімді бола бермейді. Дәрігерлер оларға айлап қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер беріп келеді, сосын тек науқас қинала бастағанда ғана ауырсынуды басатын дәрілерін егеді», - деп мәлім етті мәжілістегі үкімет сағаты кезінде депутат Ықсанова.
Басқа мәселе, оның айтуынша, жеткізу кезіндегі кедергілер, онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар үшін қажет препараттар желісінің жоқтығы.
«Мәселен, 2018 жылдың басында еліміздің барлық өңірінде онкологиялық ауруға шалдыққандар 4 ай бойы ауырсынуды басатын дәрілерін ала алмаған. Онкологиялық ауруға шалдыққандар үшін бір дәрінің болмауының өзі жағымсыз жағдайға алып келеді және науқастың жағдайын нашарлатады», - деді депутат.


Жаңалықтармен бөлісу: