Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ - Әділ Нұрғожин «Бәйтерек» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлады холдинг сайтынан.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы төрағасының 5 қыркүйектегі бұйрығымен холдингтің басқарушы директоры болып Нұрғожин Әділ Ерғалиұлы тағайындалды. Жаңа қызметте ол ақпараттық технология мен инновация енгізу және даму мәселелеріне жетекшілік ететін болады», - делінген хабарда.
Ә.Нұрғожиннің корпоративтік басқару, технологиялық даму, инвестициялық және қаржылық қызмет саласында он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС тау-кен, химия және фармацевтика салаларындағы жобалар бойынша инвстициялық департамент директоры болып қызмет атқарған.
Әділ Нұрғожин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды
