Астана.28 қыркүйек.ҚазТАГ- Ханчжоудағы (ҚХР) Азия ойындары-2022 – де Әділбек Мусин суға жүзуден екі дүркін жүлдегері атанды, деп хабарлады ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі.
«Ханчжоудағы (ҚХР) Азия ойындары-2022 – де Әділбек Мусин суға жүзуден екі дүркін жүлдегері атанды»,- делінген хабарламада.
Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды.
«Осы сында Оңтүстік Кореяның спортшысы Инчул Бэк чемпион атанса, сингапурлық Цзен Вей Теонг мәреге екінші келіп, күміс медалист болды. Бұл – Әділбек Мусиннің Азиядадағы екінші қола медалі. Кеше ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, 3-орынды жеңіп алған болатын»,- делінген мәлімдемеде.
Әділбек Мусин суға жүзуден екі дүркін Азиада жүлдегері атанды
